СУЫҚ

lat: SÝYQ /54/

зат. 1. Ызғар; тым салқын қақаған аяз.


Өзеннің мұзы шатынап,

Сатырлап сынған суықтан.

Аязды түнде атырап,

Тірлігін бір сәт ұмытқан (3,176).


Кәдімгі қыс. Жапалақтап қар жауып жатыр. Артынан, сөз жоқ суық болады деген сөз (4,99).


// Сын есім мағынасында.


Суық күз.

Сермеп жатыр жел ескегін,

Сен сонда көктем болып елестедің.

Жел жағыма панадай қайыспай тік,

Қалқандай қайрат берген емес пе едің? (1,165).


Тас бауыры қалуға бір жылынып,

Суық су да тілейді екен жылылық,

Алау жалын өртенгенмен қаншама,

Қалайды екен қалғанды бір суынып (1,237).


2. ауыс. Жайсыз қарым-қатынас, сұсты түр-тұрпат.


Суық-ау ажал деген, өлім деген,

Суық көрге салады кебінменен.

Сенімменен келгемін өмірге мен,

Кетсем кетем өмірден сенімменен (3,134).


Неге сонша суықсыңдар? Бастарың аман, бауырларың бүтін ғой, қарғаларым, не болды сендерге? (4,242).